Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Ерекше дарынымен, әніменен, Қазақты бар әлемге қылыпты әйгі, Отанын сүйіп өткен жаныменен, Қызылорда Батырханын ұмытпайды...

Бүгін қала орталығында орналасқан Батырхан Шөкенов атындағы саябақта ,Сыр топырағында туып, өнерімен талайды мойындатқан хас талант, танымал әнші, дарынды композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновты еске алу шарасында қаламыздың мәдениет майталмандары мен қатар,театрымыздың әртістері де Батырxандай тұлғаны еске алу кешінде өнер көрсетіп,жыр шумақтарын елге арнады. Өнерпаздарға деген жиналған xалықтың ыстық ықыласы ерекше.

Сәуірдің 28-ші жұлдызы талантты әнші, үлкен жүректі азамат, жерлесіміз Батырхан Камалұлы Шөкеновтың өмірден өткеніне биыл төртінші жыл толды. 2018 жылдың 18 мамырында Батырдың туған күніне орай қала орталығындағы саябақта ескерткіші орнатылып, саябаққа есімі берілген болатын.Содан бері саябақ аумағында жаңадан ағаштар отырғызылып, әсем гүлдермен көмкеріліп, уақытпен бірге жаңарып қайта түлеген саябақ қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлап келеді.
Осы игі істердің жалғасы ретінде бүгін Батырхан Шөкенов атындағы саябаққа ел игілігі үшін, арнайы дыбыс күшейткіш колонкалар орнатылып, талантты жерлесіміздің әндері шырқалып тұратын болады.
28 сәуір 2019 ж. 1 448 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?