Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

IT-технологиялар саласын дамыту жолындағы тағы бір батыл қадам

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген ерекше ықыласы мен қолдауының дәлелі ретінде 2019 жыл елімізде "Жастар жылы" болып жарияланды. 
Осы тұрғыда, Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының "IT іMAQORDA балалар технопаркінде" қалалық "Kyzylorda Robot School" робототехникадан сайыс ұйымдастырылып, оған қаланың 54 мектептерінен барлығы 200-ге жуық оқушы қатысты. 
Аталған іс-шараға қала әкімі Н.Нәлібаев қатысып, сайыскерлерге өзінің игі тілектерін білдірді.
Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының "IT іMAQORDA балалар технопаркі" "3D-модельдеу", "Цифрлық білім беру лабораториялық" және бұдан бөлек 12 заман талабына сай кабинеттермен жабдықталды. 
Бүгінгі Робототехника сайысы IT-технологиялар саласын дамыту жолындағы тағы бір батыл қадам.
26 сәуір 2019 ж. 1 693 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?