Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Балабақша бүлдіршіндері арасындағы "БАС КИІМДЕР ШЕРУІ - 2019"

"БАС КИІМДЕР ШЕРУІ - 2019"
 Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде балабақша бүлдіршіндері арасында «Бас киімдер шеруі» атты қалалық байқау өтті. Аталмыш шараға қалалық білім бөліміне қарасты 9 балабақшадан 9 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты.
  Байқаудың қазылар алқасы құрамында «Қалалық мәдениет Үйі, клубтар  және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Жастармен жұмыс ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі Ермағанбетова Жанар Құлмағанбетқызы (қазылар алқасының төрайымы), «Мереке» вокалды аспапты ансамблінің өнерпазы Өмірбек Әйгерім Өмірбекқызы сондай-ақ, Жастар театрының режиссер-балетмейстері Әбжалиев Ерғазы Оразалыұлы болып, қатысушы талапкерлердің өнерін сарапқа салды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені "Бегім-Ана" балабақшасынан Сағынтай Еркежан, 1 орынды Ботабаева Айзере - "Алтын ұя" балабақшасы, 2 орынды №3 "Қарлығаш" балабақшасының тәрбиеленушісі Қоныс Арслан иеленсе, "Балапан" балабақшасынан қатысқан Рүстемова Амина мен "Нұр Орда" балабақшасының сүйкімді бүлдіршіндері Болатбек Амина 3 орынды өзара бөлісті. Қалған қатысушылар арнайы номинациялармен және алғыс хаттармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды
23 сәуір 2019 ж. 2 389 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?