Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Бүгінгі тарихи орындар мен ескерткіштер алдында айтылар ұлағатты сөздер еліміздің болашақ патриот жастарына ерлік пен қайсарлықты бойына сіңіруде алатын үлесі зор...

2019 жылдың 18 сәуір күні сағат 11.00-де қалалы мәдениет Үйінің алдында 18 сәуір - Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау  күніне арналған А.Тоқмағамбетов ескерткіші алдында  «Есімі ешқашан да ұмытылмақ емес...» атты мәдени іс-шара болып өтті. 
Қазақ халқының біртуар азаматына арналған ескерткіш алдына мектеп оқушылары, бірқатар зиялы қауым, А.Тоқмағамбетовтың туыстары мен ұрпақтары Асқар атамыздың Роза және Аягөз апаларымыз, қала жастары, БАҚ өкілдері жиналды.  
 Ескерткіш орнату – бүгінгі болмысымызды ұрпақтарға айнытпай жеткізетін уақыт елшісі. Тарихи орындар мен ескерткіштер - халық тағдырының аса маңызды айғағы болар зерде мұрағаты десек артық айтқандық емес. Шара «Нұргүл» халықтық би ансамблінің орындауындағы Қазақ биімен ашылды. Шарада сондай–ақ, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің мүшелері аталарына арнаған арнауларын оқыса, қалалық Жастар театрының әртістері А.Тоқмағамбетов шығармаларынан үзінді оқыды. Мәдени шара заңғар ақынымызға арналған ескерткішке гүл қою рәсімімен аяқталды. 
  Бүгінгі тарихи орындар мен ескерткіштер алдында айтылар ұлағатты сөздер еліміздің болашақ патриот жастарына ерлік пен қайсарлықты бойына сіңіруде алатын үлесі зор.
  Сондай-ақ, қаламызда орналасқан ескерткіштердің жанында мәдени шаралар өткізілуде. Атап айтар болсақ, «Сыр батырлары», «Үш кемеңгер» ескерткіштерімен қоса, қазақтың біртуар азаматтары М.Шоқай, М.Әуезовке, Ғ.Мұратбаевқа, Күріш атасы –Ы.Жақаевқа, Жалаңтөс Баһадүр, Қобыланды батыр, Жанқожа бабаларымызға арналған ескерткіштерге гүл қою рәсімдері мен мәдени шаралар өткілуде.. 
18 сәуір 2019 ж. 2 201 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?