Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып, жұмысымен танысты.

1 сәуір күні Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып, жұмысымен танысты.
Бұл жерде 1-ші сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бойынша қаламызда құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күні орталықта тиісті міндеттердің барлығы уақытылы және сапалы орындалуда. Аталған әлеуметтік көмекті алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бөлімнің 1-ші қабатында орналасқан 3 кабинеттің материалдық-техникалық жағдайына өзгерістер енгізілді. Оның ішінде күту залы – 150 адамға (осыған дейін 30 адам) көбейтіліп, қызмет көрсететін мамандар саны 15-ке артты (осыған дейін 5 маман). Жалпы алғанда оңтайлы енгізілген өзгерістер нәтижесінде тәулігіне 400-ге жуық өтінішті қанағаттандыру жоспарлануда. Дегенмен бүгіннің өзінде 800-ден астам азаматтың құжаты қабылданды. Орталық мамандары үзіліссіз қызмет көрсетуде.Суреттерді түсірген: Бахтияр Алмусаев
01 сәуір 2019 ж. 1 409 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?