Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВТЫҢ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қызылордалықтар!
Баршаңызды бүкіл Шығыс халқына ортақ мейрам, ғасырлар қойнауынан бастау алып, ата дәстүрімізге айналған, сан түрлі ұлттардың бауырластығына арқау болған - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 
Наурыз - жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңеліп, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі! 
Наурыз – жаңарған қазақ елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, арман тілектерімізді айтып жаңаша жоспар құратын ерекше мереке.
Өздеріңізбен бірге атқарған ортақ іс - қаламыздың көркеюі, өсіп - өркендеуі, Сіздердің жасаған адал еңбектеріңіздің, тынымсыз тірліктеріңіздің жемісі. Сол үшін баршаңызға шын көңіліммен, ақ пейіліммен алғысымды білдіремін.
Әз халқымыз бұл мерекені қашанда көтеріңкі көңілмен, кең пейілмен ерекше қарсы алады.
Ұлтымыздың Ұлы мейрамы - Наурыз мерекесі ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы екендігі баршамызға аян.
Ұлт рухының биіктігін, тегінің тектілігін, салт - дәстүріміздің салтанатын паш етер Ұлыстың Ұлы күні шаңырақтарыңызға қуаныш шаттығымен, бақ-берекесімен келсін. 
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүрдің көрінісі көктем мейрамы – Әз - Наурыз баршаңызға ырыс, несібе әкелсін! Жанұяларыңызға жылылық сыйласын.
Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болғай!
Әр шаңыраққа Қызыр дарып, Бақ қонсын! 
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, 
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
21 наурыз 2019 ж. 1 878 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?