8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЛАМЫЗДАҒЫ АЯУЛЫ АНАЛАРЫМЫЗҒА, АРУЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ана - Қайраткер!
Ана - әрбір үйдің Шамшырағы!


Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар тек қана отбасының шамшырағы ғана емес, түрлі саланы меңгерген кәсіби маман иелері.
Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, кәсіпкерлік, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларда қызмет етеді.

Мәселен, бюджетімізді бекітетін мәслихат хатшысы, қала әкімінің аппарат басшысы, халықты әлеуметтік қамту бөлімінің басшысы, білім бөлімінің басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - әйел.
Аяулы аруларымыз ең негізгі және ең маңызды салаларда қажымай қара нардың жүгін көтеріп, ер азаматтармен тең дәрежеде аянбай еңбек етуде.
Сөз соңында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы: Тәуелсіз еліміздің атын шығарып, көк байрағымызды биіктен көрсететін чемпиондарымызды, елі үшін тер төгіп аянбай еңбек ететін қайраткер тұлғаларымызды, кірпік қақпай ел іргесін күзетер жауынгерлерді, халыққа қайырымы мол жомарт жүректі жандарды, ұрпақ пен ұлт тәрбиесінің міндетін арқалаған ұстаздарымызды және осында отырған баршамызды дүниеге әкелген алтын құрсақты аналарымызға қашанда басымызды иіп, алғысымызды айтамыз, - деп қорытындылады.
