Сұлудың сұлуы – бұрымды қыз: "БҰРЫМДЫ АРУ-2019"
"Бұрымды ару-2019" облыстық телевизиялық байқауы өз мәресіне жетті.


Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы байқауды ашып беріп, талапкерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, байқау барысында шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар демеушілерге шаһар басшысы Н.Нәлібаевтың алғыс хаттары тапсырылды.
Байқау нәтижесінде 6 талапкер арнайы номминациялармен марапатталса, Шиелі ауданынан қатысқан Ғани Ұлту жүлделі 3 орынды, Ақмешіт институтының 3 курс студенті Серік Аружан 2 орынды қанағат тұтса, 1 орын Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті Таубай Аружанға бұйырды. Ал, байқаудың бас жүлдесі М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінің студенті Орман Ақмаржанның қоржынында кетті.
Жеңімпаздар мен барлық жүлдегерлерге, барша қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылып, сонымен қатар, байқаудың жекелеген демеушілері тарапынан да өздері ұнатқан бұрымды аруларға сыйлықтар берілді.



