Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін қаламыздағы А. Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Нәлқожа Ақбалаұлы тал бесіктен жер бесікке дейінгі іңкәр дүниеде жарқырай жайнап ғұмыр кешіп, бар білімін, терген ілімін кейінгі ұрпаққа беріп, елдіктің сөзін айтып, елжандылықтың ісін көрсетіп ел басқарған, өмір сүрудің биік өнегесін жастарға тәлімдеп кеткен ардақты азамат.
Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаев 1931 жылы 1-ші наурызда Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы 1954 жылы Арал өңірінде басталып, құрмет демалысына шыққанға дейін аймағымыздың бірнеше ауданын басқарып, абыройлы еңбек етті. 
Отанына жасаған адал қызметі үшін Ленин орденімен 2 мәрте, Еңбек Қызыл ту орденімен 2 мәрте, «Құрмет белгісі» орденімен 2 мәрте және тағы бірнеше медальдармен марапатталды. Көп жылдық еңбегі мен тәжірибесінің арқасында "Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер" атағын алды.
2017 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналаған тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде. 
Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі сайыста Ауғанстан, Әзербайжан, Болгария, Босния және Герцеговина, Моңғолия, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Қазақстанның әр өңірінен келген 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады.
 Турнирдің ресми ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы - "Бұл турнирдің басты мақсаты қазақтың ұлттық ойынын кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатқа ие болу үшін көрші елдерден келген бауырларымыздың басын қосып, ұлтымыздың ұлттық спортын баршаға паш ету" деген ойымен бөлісті. 
03 наурыз 2019 ж. 1 264 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?