Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

1 КҮНДЕ 1600 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

1 КҮНДЕ 1600 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
БҮГІН ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ.
Осы қайырымды шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы 1 600 ОТБАСЫҒА 26 млн. теңгенің көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.
БҮГІНГІ КҮННІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАСЫ, 9 қаңтар күні қалаға қарасты Наурыз саяжайында орын алған қайғылы жағдай салдарынан үш бірдей бүлдіршінінен қапияда көз жазып қалған жерлесіміз Жәмилә Сәдуоваға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Сыр елі азаматтарының ауызбіршілігі мен ынтымағын, мейірімі мен дархан көңілін көрсететін игі бастамаға қала кәсіпкерлері, іскер азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ерікті азаматтар белсенді атсалысты.
Бұған дейін, 2018 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің тікелей ұйымдастыруымен өткен жылы "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында Наурыз, Ораза, Құрбан айт, Қала күні мерекелерінде 2 800 ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫҒА 42 млн.теңгенің көлемінде қайырымдылық көмектері көрсетілді.
ҚЫЗЫЛОРДА – МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ МЕКЕНІ!
23 ақпан 2019 ж. 1 057 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?