Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына – 30 жыл
Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына – 30 жыл.
Осыған орай облыс, қала әкімдігі, қалалық ішкі саясат және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ауған соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алу, сондай-ақ арамызда жүрген ардагерлерді ұлықтауға арналған «Ерлікке, елдікке тағзым» атты ауқымды шара өтті.
Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру мақсатында өткен шараға облыс және қала әкімінің орынбасарлары, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер, БАҚ өкілдері, әскери борышын өтеуші сарбаздар қатысты.
Еске алу шарасы сағат 10.00-де «Тағзым» алаңында өткен митингтен бастау алды. Митингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы Байманов сондай-ақ «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайриддин Әлібайұлы Баймахановтар сөз сөйлеп, отты жылдарды еске түсіріп, өткенге салауат, бүгінге береке, бірлік тіледі.
Содан соң ауған соғысында қаза болған жерлестеріміздің рухына құрмет ретінде гүл шоқтары қойылып, бақилық болған бауырларымызға қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Нұрсейітов құран бағыштады.
11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жалғасқан шарада облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, "Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Жаров, «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ. Баймахановтар сөз сөйлеп, бірқатар ардагерлер облыс, қала әкімдігінің сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, әскери, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалып, жиналған жұртшылық жақсы әсермен тарқасты.