Қызылорда қаласында жастар жылына арналған республикалық айтыс өтті
«Жастықтың оты жалындап»
Осы тақырыпта биылғы жастар жылына арналған республикалық айтыс өтті.
«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, қазақтың атадан балаға мирас төл өнерін насихаттау мақсатында өткен бұл айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Сыр өңірінен 10 жас ақын қатысып, ой жарыстырды.
Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов пен ақын Жүрсін Ерман айтысты ашып беріп, талапкер ақындарға сәттілік тіледі. Жас ақындар додасын екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.
Ат сүрінгенше ақыл таба білу айтыс ақынына жүктелген міндет дейтін болсақ, байрақты додаларда алдыңғы лектен көрініп жүрген жас ақындарымыздың тапқырлығы мен оғаш кеткен тұстарын зерделеп, лайықты бағасын беруші қазылар алқасының құрамы да осал болған жоқ.
Айтыстың кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, Сыр елінің тумасы, «Айқын» газетінің бас редакторы, қаламы қарымды журналист Нұртөре Жүсіп, Алаштың арқалы ақыны Бауыржан Халиолла, ҚР мәдениет қайраткері, Сырдың сырбаз ақыны Оңталап Нұрмаханов және Сыр елінің аяулы ақын қыздарының бірі Айнагүл Әбуовалар болып, әліне қарай шапқан алуан жүйрікке төрелік жасады.
Ақ Орданың қашанда құты кенді,
Бақытым деп таныған бүтін елді.
Қорқыт қолдап, ақ жол болсын
Жас ақыным!
Домбыраң Сыр елінде үкіленді – демекші, айтыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды Астанадан келген Нартай Тілеуқұл еншілесе, 2 орын Алматыдан келген Нұрбол Жауынбаевқа, 1 орын Сырдың сарғалдақ ақын қызы Нұрзат Қаруға бұйырса, Бас жүлде - кешегі Тайжандардың мақамын салып, халықтың қошеметіне бөленген, Елордалық Дәурен Ысқақтың қанжығасында кетті.
Қашаннан жырдың елі атанған Сыр жұртшылығы жас ақындар демей, мәреге келетін жүйріктерге соңына дейін қошемет көрсетіп ыстық ықыласпен қолдап отырған көрермендерге еліміздің басқа аймақтарынан келген жас ақындар өз ризашылықтарын білдірді.