Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СЫР ЕЛІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТПЕК.

Ақпан айының 4-12 күндері аралығында Астана қаласында өтіп жатқан республикалық "Маусымашар 2019" жайдарман фестиваліне Қызылорда облысынан 12 команда қатысып, түрлі республикалық жобаларға жолдама алды.
Республикалық телевизиялық түсірілімі бар Жоғары лигаға
Қызылорда қаласы әкімінің құрамасы Қоғалыкөл құрамасы және еркін құрама "Тесо.кз" командасы жолдама алды;
Республикалық телевизиялық түсірілімі бар Премьер лигаға
1. Абылайхан құрамасы;
2. ҚМУ құрамасы;
3. Қазалы құрамасы жолдама алды.
Республикалық жоғары рейтінгті Бірінші лига ойындарына:
1. Байқоңыр құрамасы;
2. Жалағаш құрамасы;
3. БМК құрамасы;
4. Денсаулық сақшылары жолдама алды.
Республикалық Балапан арнасында түсірілімі бар "Бала жайдарман" сайысына Байқоңырлық "Бір үйдің балдары" командасы жолдама алды.
Сонымен қатар республикалық орталық лига сайыстарына 
1. Тоғыздан кеткендер;
2. Ұлы дала жастары командалары жолдама алды.
Фестиваль аясында "Jaidarman awards" үздіктерді марапаттау кешіндеКызылорда Жайдарман орталығының әкімгері Аманбаев Хакімбек республиканың "Үздік әкімгері" және "Бір үйдің балдары" командасының жетекшісі Оразбаев Батыржан республиканың "Үздік жетекшісі" деген номинацияларға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Сонымен қатар, қуанышты жаңалық биыл Қызылорда қаласында республикалық "Сыр елі" бірінші лигасының ойындары өтетін болады.
Фестивальге қатысқан 12 команданың 7-еуі гала концертке қатысып, ойындарын "Қазақстан" және "Тамаша" арналарынан эфирден көрсетеді.
#жайдарман
#маусымашар2019
11 ақпан 2019 ж. 987 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?