Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Қызылорда қаласында Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінде көп балалы аналарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. 
Қоғамдық қабылдауға келген 250 - ге жуық көп балалы аналарды қала әкімі Н.Нәлібаевтан бастап, қала әкімінің барлық орынбасарлары және тиісті сала басшылары қабылдады.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары да қабылдау өткізді.
Қала әкімі Н.Нәлібаев қабылдауға келген барлық азаматшалармен мәдениет үйінің залында кездесіп, қатысушылардың сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады және 4 сағат көлемінде көп балалы аналардың әр қайсысымен жеке қабылдау өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпан күні қала әкімінің "Әлеуметтік мәселелері бойынша жұмысшы топтар құру туралы" №1804/ө Өкімімен Қызылорда қаласы бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатындағы жұмыстар басталды. Әр топқа қала әкімінің орынбасарлары мен кеңесшілері және аппарат басшысы жетекшілік етеді.
Қазіргі таңда, жұмысшы тобы арнайы бөлінген 6 аймақ бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен тиісті шаралар қабылданады.
Қала әкімі бұған дейін де 5-ші ақпан күні таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:30 аралығында "Халыққа құқықтық қызмет көрсету орталығы" ғимаратында қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, 200-ден астам азаматтың мұң-мұқтажын тыңдады.
Оның алдында, 14 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында қалаға қарасты 2 кент, 7 ауылдық окургте, қаламыздың 2 мөлтек ауданында, Қоғамдық кеңестің алдында есепті кездесулер ұйымдастырды. 
Ал, 6-шы ақпан күні аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қатысуымен 500-ге жуық қала тұрғыны қатысқан қорытынды есеп беру кездесуін өткізді.
Жыл басынан бері өткізілген осындай кездесу шараларының барысында қала әкімі Н.Нәлібаев 3 мыңға жуық қызылордалықтармен жүздесті.
Бүгінгі кездесу барысында, көп балалы аналардың тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер толық зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында.
09 ақпан 2019 ж. 931 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?