Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Үлгілі ұстаздар ұлықталды

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ұстаздар қауымына, білім саласының ардагерлеріне мерекелік дастархан жайып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сала ардагерлеріне бөрік шапан, орамал қамзол кигізді. Үздік мұғалімдерге ақшалай сыйлық, үздік мектептерге қажетті құрал-жабдық, белсенді мұғалімдерге Алғыс хат берді. 

Ұстаздарға арналған мерекелік шара еркін форматта өтіп ән шырқалып, мұғалімдер ортада би билеп керемет көңіл-күймен тарқасты. Салтанатты шараның құрметті қонағы, атақты математик, академик Асқар Жұмаділдаев ағамыз осындай шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғандарға алғысын айтып, туған жерге жаңа бастамаларымен, тың идеяларымен жиі келіп тұратынын жеткізді.

Қуатты мемлекет құру үшін қоғам түзелуі керек. Қоғам түзелуі үшін ұстаздардың көңіл-күйі мен жағдайы, мәртебесі жақсы болуы шарт. Елбасы өзінің биылғы Жолдауында үкіметке "Педагог мәртебесі туралы" заң әзірлеуді тапсырды. Мәңгілік ел болу жолында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. 


30 желтоқсан 2018 ж. 1 163 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?