Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жаңа жыл "Жүрек жылуымен» жалғасты

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шараға қалалық әкімдіктің басшылары, қызметкерлері, мәслихат депутаттары, кент ауыл әкімдері, кәсіпкерлер, қолы кең жомарт азаматтар қатысып қаржылай көмектерін берді. 

Қала бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді. 

Аймағымызда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде қаладағы қайырымды жандармен тұрмысы төмен мыңдаған отбасына көмек көрсетілді. Осындай шараны өткізу Жаңа жыл мерекесінде де ұмыт қалған жоқ. 

Корпоративтік кештерді өткізуден бас тартқан қалалық әкімдік осындай сауапты қайырымды істерімен жерлестеріміздің алғысын алды. 

30 желтоқсан 2018 ж. 959 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?