Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Мадина Садуақасова - Қызылорданың Құрметті азаматы

  Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мадина Садуқасова жаңа жыл қарсаңында Қызылорда қаласының Құрметті азаматы атанды. Салтанатты шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әншіге құрмет көрсетіп, кеудесіне төсбелгі тағып, марапаттады. Жылдың басты қорытындысын сөз еткен әкім мәдениет саласындағы елеулі еңбегін әрі қазақ өнеріне сіңірген еңбегін саралай келе Мәдина Садуақасоваға Құрметті азамат атағын алуға лайық деп таныды.
     Жиырма жылдан аса қазақ ән өнерінде махаббат әндерімен танылған Мәдина Садуақасова Сыр елінің маңтанашы. Талай халықаралық, республикалық ән жарыстарының жеңімпазы атанып, түрлі мегажобалардың әділқазы құрамында болған.

Мемлекеттік "Гүлдер" ансабмлінде, Президент оркестрінде қызмет атқарған әншінің бүгінде 100-ден аса ән қоржыны бар. 
 
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Мәдина Садуақасова қалың көпшілікке "Сыр ана" атты ән орындап, көрермен көңілін көтерді.
 Ал,31 желтоқсан күні Орталық алаңда түнгі жаңа жыл уақытын қызылордалықтармен қарсы алып, белгілі әнші Төреғали Төреәлі екеуі Сыр халқына ән шашуын ала келді. Өзге де қазақ эстрадасының өзге де өкілдері қатысқан гала-концерт жоғары деңгейде өтіп, соңы мерекелік отшашуға ұласты.


30 желтоқсан 2018 ж. 2 064 0

Күнтізбе

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?