Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Мекен-жайға онлайн тіркеуге болады

Е-Gov.kz порталында жаңа бір қызмет түрі. Енді 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу қызметі іске асады. Қызмет электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы жүреді. Ол үшін «Онлайн сұрау» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда баланың ЖСН, келу мақсаты, тіркелу себебі және ол баланы тіркеуге ниет білдірген тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер жылжымайтын мүліктің меншік иесі өтініш беруші болып табылса, онда оған өз өңірін немесе мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсету және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қою қажет. Егер де өтініш беруші - жылжымайтын мүлік иесі болса, ол өңірді және мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсетуі тиіс, содан соң ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Тағы бір талап. Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекен-жайын көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет. Меншік иесі өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

26 желтоқсан 2018 ж. 1 213 0

Күнтізбе

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?