Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЕНДІ

Сыр спорты  жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Аймақ абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың әртүрлі  бағытта  жеңіс тұғырынан көрінуі табысты еселеп отыр. Жыл қорытындысы бойынша биылғы жылы аймақта дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 28,3 пайызға көтеріліп, 224382 адамға жеткен.

Биылғы жылдың еншісінде спорт нысандары да қайта жаңғырудан өтті. Бюджеттен 7 елді мекенде, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында   9 жоба іске қосылған. 

Тағы бір жаңалық қызылордалық 470 спортшы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді. Мұндай жаңалықты спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова мәлімдеді. Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысып, 1500 медальдарды иеленген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 700 медальға артық.

26 желтоқсан 2018 ж. 894 0

Күнтізбе

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?