Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сиқырға толы "Сиқырлы керуен"

"Жылы жүрек жастар" еріктілер тобы "Сиқырлы керуен-2019" атауымен қайырымдылық шарасын өткізді. Облыстағы жаны жомарт жастардан құралған топ жаңа жыл қарсаңында ерекше балаларды назардан тыс қалдырмауға атсалысты. Шараның алғашқы бөлімінде мүмкіндігі шектеулі 50-ден аса баланың үйін аралап, сыйлық таратты. Ал,   облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыка теа­трында денсаулық жағдайына байланысты үйден оқитын 60-қа жуық бала мерекелік қойылымды тамашалап, жаңа жылдық сыйлықтар алды. 

"Жылы жүрек жастар" еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы былай деді:

- Біздің еріктілер тобы өзінің алғашқы шарасын былтыр жаңа жылда бастаған болатын. Ол кезде 150 балаға өзіміздің сыйлықтарымызды тараттық. Биыл, міне, тобымыз сол дәстүрді бұзбай, балаларға қуаныш сыйлап, тәттілерімізді тарту еттік. Бәріміз де бала болдық, жаңа жыл қарсаңында кез келген бала бір ғажайыптың болатынына сенеді. Ерікті жастардың мақсаты сал ауруымен, ДЦП диагнозды ерекше балаларды ескерусіз қалдырмай, өмірге құштарлықтарын арттыру. Шараға атсалысып, қол ұшын білдірген қайырымды жандарға алғыс білдіремін.

Шараға облыстағы жастар, жомарт жанды тұрғындар демеушілік танытты. Сонымен қатар Астана, Алма­ты қаласынан да балаларға сәлемдеме жолдағандар да болды.

26 желтоқсан 2018 ж. 1 338 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?