«Жақсы өмір сүруден қорықпау керек»
Бала кезден кәсіпке қызыққан жастан кейін бизнесмен шығатынын өмірдің практикасы дәлелдейді. Кәсіпкерлік әлемінде жүрген көп бизнесменнің табыс табудағы алғашқы сценарийлері сол бала кезден жазылған. Соның бірі Бейбіт Әлібеков. Оқушы кезден көлік жуып, Алматы арбатында қытай кеспесін сатқаны оның жастайынан ақша табуға деген құлшынысы үлкен бизнеске жетеледі. Алматы Bentley club иесі, Қазақстандағы "Luxury" ойын сауық ұйымдастырушысы, "First Media Group" жетекшісі ретінде елге белгілі Бейбіт тек кәсіп жолында ғана емес, инстаграм желісінде де қаржы табудың механизмін меңгерген.
Осы орайда Бейбіт Әлібековтің ойлары мен кеңестеріне арнадық.
Нарық күн сайын адамға бір мүмкіндіктен беріп отырады, оны жүзеге асыра алу тек өзіңе байланысты.
***
Ақша өмір сүру үшін ойлап табылған құрал. Алайда барлығын ақшамен өлшеуге болмайды, одан да қымбат дүниелер бар.
***
Ешқашан дандайсуға болмайды. Бүгін бай болсаң, ертең кедей болатынынды ұмытпа.
***
Бизнесте абырой керек. Онсыз сені ешкім мойындамайды. Ар ұятың болса, абырой да болады.
***
Өз шығындарынды әрдайым оңтайландырып отыру керек. Себебі көптеген бизнесмендер ісін енді бастай сала керемет нәтиже күтеді. Оған асықпау керек.
***
Бизнесмен әрдайым егер мен ойлағандай болмаса, жұмысқа алған адамдарым далада қалады-ау деген оймен жүруі керек. Тәуекелдерді барынша минимумға түсіру қажет.
***
Банктен несие алып, туысқандардан қарыз алып, оны бірнеше жыл қиналып төлеу ешқандай романтика сезімін туғызбайды.