Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ТОЛЫҚТЫ

Аралда "Арзан Маркет" дисконт орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Болат Абраевтың бастамасымен қолға алынған орталықта  халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағада сатылады. Бұдан бөлек, ет павильоны, жеміс - жидек сататын арнайы бөлік, "Арзан Фарм" дәріханасы, екінші деңгейлі банк өкілдері және ұялы байланыс операторлары орналасқан. 

Қазалыда жаңа нысан. Тәуелсіздік құрметіне аудан жұрты RestoBar 230 адамға арналған. Жеке кәсіпкер Жәмила Әзілхан "Мелиоратор" ықшам ауданынан 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны 40 млн.теңгені құрайды, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы субсидияланған несие - 20 млн.теңге, жеке қаражаты - 20 млн.теңге. 

Кешеннің 1 қабатында 100 адамға арналған зал, 2 қабатында 100 адамға арналған зал және 30 адамға арналған караоке-бөлмесі бар.

Шиелідегі Бестам ауылдық округінде жергілікті кәсіпкер спорт кешенін салып берді. Бұл мақсатта кәсіпкер 66 млн.теңге шамасында қаржы жұмсаған. Спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Енді ауыл жастары спортпен тегін шұғылдана алады.

22 желтоқсан 2018 ж. 952 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?