Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КОВОРКИНГ ЕНДІ АРАЛДА

Қазір жер-жерде коворкинг орталығы ашылып жатыр. Жастардың уақытын тиімді өткізудің басты құралына айналған орталық енді Аралда да өз жұмысын бастады.  «Coworking» орталығының бой көтеруі аудан жастарының кешкілік өмірін қызықты етеді. Орталықтың ашылуына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев келіп қатысып, игі шараның маңыздылығын сөз етті.

- Коворкинг орталығына келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс-шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның басқосар нағыз орталығына айналуына тілектеспін,-деді Мұхтар Оразбаев.

Коворкинг орталығында 4 аймақ жұмыс істейді. «Wifi» аймағында кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін сымсыз интернетке қол жеткізе алады.

Конференция алаңында түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізіледі. Ал, релаксация аймағында қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, ойын ойнап немесе теледидар көруге ыңғайлы болмақ.

22 желтоқсан 2018 ж. 902 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?