Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЕТ ӨНДІРУДЕ ӨСІМ БАР

Басты тірек азық-түлік өнімдерін өндіруде өсім бар. Әсіресе, ет өндірісі бағытында ілгерілеушілік байқалады. Сараптамаларға көз салсақ, ағымдағы жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында елдегі мал шаруашылығының жалпы өнімі шамамен 13 пайызға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелген. Жыл ішінде өңірдегі өнім көлемі 16,5 пайызға молайып, табыс мөлшері 309,1 млрд.теңгені құрапты.

Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 254-ті, ал Түркістан облысында – 228,7 млрд теңгеге жеткен. 

Өзге де аймақтардағы көрсеткіш көз қуантады. Тізімді Ақтөбе облысы бастап тұр. Бұл облыста шамамен 22 пайыз, артынша Маңғыстау облысы 18,8 пайызды,  ал Қызылорда – 17,8 пайызды құрады.

2021 жылға дейін Ақмола мен Қарағанды облыстарында ет пен ет өнімдерін қайта өндейтін 1 кешен және 16 сүт фермасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Аталған жобалар импортқа деген тәуелділікті бәсеңдетуге бағытталған. 

22 желтоқсан 2018 ж. 1 052 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?