Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Елбасының кәсіпкерлік саласын дамытуға көрсеткен қолдауы мен аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастамасымен 2021 жылға дейінгі алдағы 3 жыл «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалып келеді. Бұл қолдау арқылы Қызылорда қаласының бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты.

Оның бір дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне тиесілі. Енді шаһар нысандары тағы бірнеше нысанмен толықты. Тәуелсіздік құрметіне орай Астана даңғылының бойында орналасқан ұлттық сүт өнімдері бағытындағы «BALQAIMAQ» дүкені ашылды.

Жобаның құны 15 млн. теңге болса, оның 10 млн. теңгесі мемлекеттік бағдарламалар аясында «Микробизнес Қызылорда» өңірлік қаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несие және 5 млн. теңгесі жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған.

Сонымен бірге кәсіпкер түйе жүнінен жасалатын өнімдерді шығару мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының байқауына қатысып 1 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие болған. Нәтижесінде аталған кәсіпкерлік нысанның 2-ші қабатында түйе жүнінен тұрмыстық бұйымдар, яғни көрпе-төсектер жасайтын тігін цехы іске қосылды.

Қала тұрғындарына мерекелік тарту ретінде ашылған келесі кәсіпкерлік нысан, «SMALL» көтерме сауда маркеті. Жалпы аумағы - 5 мың 860 шаршы метрді алып жатқан сауда алаңында тұтынушыларға 12 мыңнан астам тауар түрлерін ұсынады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға септігі мол бұл нысан, 134 адамға тұрақты жұмыс орынын ұсынып отыр. Қызылорда қаласында «Smаll» сауда бренді бойынша осымен 4-ші нысан.

Сондай-ақ, мереке күні қала орталығындағы А.Байтұрсынов көшесінен еліміздің оңтүстік аймағында, әлемнің жетекші брендтерінің электроника тауарларын ұсынатын "EVRIKA" гипермаркеті ашылды. 

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Құны - 350 млн.теңге болатын бұл жоба 50 қызылордалықты тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жаңа кәсіпкерлік нысандардың ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың маңызы мен оның өңір экономикасына, халықты жұмыспен қамту бағытында тигізер зор үлесі туралы айтты.

17 желтоқсан 2018 ж. 1 055 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?