Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ КІМДЕР?

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды. 

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы: 

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке - "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; 

2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға - "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін; 

3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке - "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін; 

4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға - "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; 

5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа - "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін берілді. Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

07 желтоқсан 2018 ж. 834 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?