БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ ҚАНДАЙ?
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ақша-несие және салық саясатын, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруды, өңірлердегі іскерлік ахуалды қамтитын нысаналы экономикалық модельді дамытудың 5 негізгі блогы бөлінген.
- Кредит беру азаяды. Жақында ғана қаржыгерлер Конгресі өтті, онда біз кәсіби қатысушылар-дан қазіргі жағдай туралы естідік.
2016 жылмен салыстырғанда нақты секторды кредиттеу триллионға азайды. Жалпы, егер портфель 13 триллионға жуық болса, онда тұтынушылық несие беру өсуде, нақты сектор қысқаруда, - деді А.Мырзахметов.
Тағы бір мәселе - теңге бағамының жоғары құбылмалылығы, ол жаңа жобаларға инвестицияларды тежейді. 2018 жылдың ақпан айынан бастап теңге бағамы 16%-ға артты.
«Атамекен» Басқарма төрағасының айтуынша, басты міндет - «курс неге байланысты екенін түсіну».
Ұлттық палата ұсынған шешім Ұлттық Банктің Қос мандатын, реттеуші талаптарды төмендетуді, теңге бағамы бойынша айқындылықты арттыруды, негізгі салаларды мақсатты қаржыландыруды, МЖӘ шарттарын және Off-take келісімшарттарын «қатты» кепіл деп тануды, қор нарығын дамытуды және шағын несиелендіруді кеңейтуді қамтиды.
Салық саясатына келетін болсақ, 2018 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, онда жаңа құрылым, адалдық принципі, сондай-ақ түсіндірмелерді кері қайтарып алу кезіндегі санкцияларды жою көзделген.
Шағын және орта бизнеске қатысты ҚҚС шегі, ШОБ үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері сақталған. Әлеуметтік салық мөлшерлемесі 11% - дан 9,5% - ға дейін төмендеді.