Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА ДАЙЫН

Жыл сайын халықаралық дәрежеде өтетін «Байқоңыр» инвестициялық форумы биыл жасыл экономикаға басымдық берді. Қызылорда күннің белсенділігі жоғары аймақ. Облыста күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық. Бұл күн электр станцияларын салу мен дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан  келесі жылы өңірде 4 күн электр станциясының құрылысы басталмақ. 

Сырдарияның сол жағалауында Қызылорда қаласында және Жаңақорған ауданында "HydroEnergy" АҚ (Болгария), Жалағаш ауданында - "Total Eren" (Франция) компаниясы, Шиелі ауданында - "Samruk Kazyna - United Green" компаниясы және "Авелар Солар Технолоджи" ЖШҚ (Ресей) бірлесе отырып күн электр станциясын салмақ.

Форумда көтерілген тақырыптың бірі - қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қызылорда аймағында 145 полигон жұмыс істейді. «Ибрайхан» жергілікті компаниясы қатты тұрмыстық қалдықтардан черепицаны және тротуарлық тақталарды, ал «Smart Rubber» серіктестігі - тозған көліктердің дөңгелектерінен жол жабындарына арналған резеңке үгінді мен тамшылатып суару үшін жер асты құбырларын дайындайды. Мұнан өзге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын «Қызылорда қаласында қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, өңірде 2020 жылға дейін энергия көздерін үнемдеудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 


05 желтоқсан 2018 ж. 931 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?