593 КӘСІПКЕРГЕ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛГЕНГЕН
Кәсіпкерлік саласын дамытуда жер телімін беру, екіншіден – инженерлік желілеріне техникалық шарттарды алу, үшіншіден – қаржылық тұрақтылықтың болуы аса маңаңызды мәлелердің бірі. Осы орайда, жыл басынан бері Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында 50 аукцион өткізіліп, 593 шағын және орта бизнес субъектілеріне жер телімдері берілгенген.
Мұндай мәліметті Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов растады.
Қайтарымсыз грант алып, өз ісін алға сүйрегендер де табылды. Қызылордада 224 кәсіпкерлік субъектісіне 200 млн.теңге болатын қайтарымсыз грант қаражаттары ұсынылса, ауылдық елді мекендер мен қалалық жерде 4,2 млрд. теңге көлемінде 1 298 кәсіпкерге шағын несие ұсынылған.
Басқарма басшысы орынбасары 2017 жылы шағын және орта бизнеспен 325,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болса, 2018 жылдың жарты жылында 143,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті. Ал, шағын және орта бизнестегі жалпы қосылған құнның (ВДС МСБ) көлемі 2017 жылы 201,3 млрд. теңге болса, 2018 жылдың қаңтар-маусымында 95,5 млрд. теңгені құраған.