Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕН - МЕГАЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ

Делебені қоздыратын ұлттық «Мен қазақпын» мегажобасы жеңімпаздарды анықтады: Елорда төрінде өткен сайыста мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Men qazaqpyn» жобасының жеңімпаздарын терме, күй, ән жанрлары бойынша марапаттады.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау – жобаның мақсаты болған. 

Салтанатты марапаттау гала-концертке ұласып, онда «Men qazaqpyn» жобасының қазылар алқасының мүшелері Ұлжан Байбосынова, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Елшібаева және І мауысымындағы жеңімпаздары өнер көрсетті.

Сонымен ақтық сынға жолдама алған 9 үміткердің ішінен суырылып шыққан үздік үштік лайықты құрметке ие болды. «Үздік термеші» аталымын қызылордалық Күнсұлу Түрікпен, «Үздік күйші» номинациясына Жәнібек Жәмиев лайық деп танылса, «Үздік дәстүрлі әнші» аталымында екі жеңімпаз Алпысбек Оңайбайұлы, Рауан Әлімбаев топ жарды. 

Ілкі дәстүрді жалғастырушы жеңімпаздардың әрқайсысына 1 млн.теңгеден сыйақы берілді. Қазақ өнерін биікке шығаруды медет еткен ұлттық жоба келер жылы да жалғасын таппақ. 

05 желтоқсан 2018 ж. 1 280 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?