БЕЙНЕБАҚЫЛАУ САНЫ АРТПАҚ
Қызылорда іске асып жатқан «Қауіпсіз аула» жобасы оң нәтиже бере бастаған. Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында облыс орталығында 272 бейнебақылау камерасы орнатылған хабарлайды. Оның 153-і Қызылорда қаласының көше қиылысында, 7-і мешіттердің жанында, 12-і түзеу мекемелерінің аумағында, 10-і көпқабатты үйлердің аумағында тұр.
- Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның кешенді күштерін тиімді пайдалануға жол ашылды. Олардың осылайша жылдам қимылдауының нәтижесінде 2018 жылдың 10 айында барлығы 63 қылмыс ашылған,-деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев.
Қызылорда қаласының полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің аулалары мен халық көп шоғырланған аймақтарға жаяу патруль бағытында жұмыстар жүргізе бастады. Бұл тәжірибе оң нәтижесін беріп отыр. Аталмыш шара тамыз айынан бастап қолға алынбақ.