Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ДАМУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛДАРЫ

Кез келген бизнестің өлшенетін 4 параметрі бар. Олар: бағасы, сервис деңгейі, сапа және жылдамдық. Бұл төрт көрсеткіштің артында, негізінен, үлкен жұмыс жатыр. Мысалы, арзан бағаны эффективті болмасаң, кәсіпті де эффективті бола алмайсың. Бұл белгілі кәсіпкер Қуаныш Шонбайдың бизнес бастаушыларға берер кеңесі. Ресторатор Қуаныш Қызылордаға арнайы сапар жасап, бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге тренинг өткізбек. Біз де кәсіпкердің осы кезге дейінгі бизнес қағидасына қатысты ой-пікірлері жариялауды жөн көрдік.

- Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіпкерлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық проблемаларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқырлы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, компьютерді жасырын программа емес. Бұл ең алдымен өз қолданушыларыңның қажеттілігін түсіну, сол қажеттілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тынымсыз еңбек,-дейді кәсіпкер. 

Кәсіпкер Қуаныш Шонбай бизнеске ықпал ететін Батыс тәжірибесінің неліктен біздің менталитке толық әсер ете қоймайтынын тілге тиек етті. 

- Триггер деген түсінік бар, мысалы, адам өзін кедеймін деп сезініп жүрсе, сол кедейлік туралы әңгіме естісе, ойында ұстап, бірден оны миына қабылдап алады. Адам триггерлерге ілініп қалады да, сол триггерлерді іздей бастайды. Тура солай, адамдар Батыс методикасын іздестіре бастайды. Әрине, Батыс кітаптары мен методикалары жұмыс істейді және ойлар пайдалы, бірақ олар сол жақтың азаматтары үшін, сол қоғамға бейімделген. Ал бізде, өзіміздің қоғамға тән, осы ортадан шыққан ауруларымыз, проблемаларымыз немесе әке-шешеміздің бойымызға сіңірген аурулары бар. Батыс кітаптары көмектеспейді емес, көмектеседі, егер біз қойған талап соған сәйкес болса. Ал біз қойған талаптар, күнделікті өмірдегі қателіктеріміз бен кемшіліктер болғандықтан, Батыс реалиясы бөлек, ал біздің реалиямыз бір бөлек. Біздегі дизельді автокөліктер нашар, дұрыс жұмыс істемейді дейді, өйткені бізде дизель нашар. Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қайтадан батыс реалиясы мен біздің реалияның екі түрлі екеніне көз жеткіземіз. Сол сияқты, Батыс кітаптары да, солардың ішкі дүниесіне арналған,-дейді ол. 

Мақсат болмаса, жетістік те болмайды. Қуаныш Шонбайдың осы ойға алып-қосары жоқ емес. Ол батыстағы жалпы жетістік теориясы бізге көмектеспейді, өйткені олар жетістікті басты мәселе етіп қарастырады. Жетістіктің не екенін біз біріншіден, түсінбейміз, екіншіден, бізде мақсат жоқ, онда жетістік қайдан болсын деген ой айтады.

Әйгілі «Rumi group» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Қуаныш Шонбайдың өзге де кеңестерін Қызылордада өтетін семинарында да білуге мүмкіндік бар. Қызылордалық бизнес өкілдер қатысатын семинар-тренинг сенбі күні Кәсіпкерлер үйінде өтпек. Толық ақпарат «www.versus.academy.kz» сайтында.  


21 қараша 2018 ж. 1 106 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?