Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ

Газ келді, тіршілікке жан кірді. Кеше Шиелі ауданының Ы.Жақаев және Бидайкөл елді-мекендері көгілдір отынға қосылды. Қазіргі уақытта үйлерге газ жүргізу туралы келісімшарт жасалу үстінде. Мұны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев былайша түсіндіре кетті.

- Мемлекет басшысының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар - «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берді. Олай дейтінім, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтарын және өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға мүмкіндік берді. Міне, енді кент орталығынан бөлек ауылдық елдімекендерді де газдандыру жұмыстары жүргізілуде, - деді облыс әкімі.

Көгілдір отынның игілігін көруге асық тұрғын Ләззат Пәрменқұлова ендігіде бұрынғы қол еңбектің тірлігінен құтылатын болдық деп қуанышын білдірді. 

- Біз табиғи газ жүргізілгеніне қуаныштымыз. Енді пешті қолмен жағып, отын сатып алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, үйді газбен жылыту әр қыс сайын сатып алатын көмірге қарағанда әлдеқайда тиімді болады. Қазірдің өзінде үйіміз жылынып, жайлы көрінеді,  - дейді аудан тұрғыны.

Ақпарат үшін айтуға тиіспіз, биыл Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кенті көгілдір отынға қосылса, келер жылы кентішілік газ желілерінің құрылысы басталмақ. 

19 қараша 2018 ж. 1 411 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?