БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРДЫ
Баспана бас қайғы. Бүгінде елдің әр қиырында жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер халықтың жеке бас мәселесін шешілуіне ықпал етуде. Заманауи үлгідегі жаңа үйлерге қолы жетіп, қоныс тойын тойлап жатқан өңірлердің арасында Қызылорда көш басына шығып келеді. Қуаныштары еселеген ағайындардың қатарында жаңақорғандықтар да бар.
Апта басында Жаңақорған ауданында "Шалқия Цинк" АҚ мен "Стройсервис СК" ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныс той иелері де өз қуаныштарын жеткізіп, әсерімен бөлісті.
- Ең алдымен, Елбасы мен облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Жеке тұрғын үй алу кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұған дейін біз ата - анамызбен бірге тұрдық, бүгін жаңа екі бөлмелі, барлық жағдайы жасалған жайлы пәтерге ие болып отырмыз", - дейді "Шалқия Цинк" АҚ қызметкері Руслан Еңсегенов.
Айта кетейік, осы аптада Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілген-ді. Бұл үйлерді бюджет қызметкерлері, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары алды.