Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Науқаннан қызылордалықтар да қалыс қалмады

Республика бойынша латын әліпбиіндегі «Рухани жаңғыру» тақырыбында жалпыхалықтық диктантқа қызылордалықтар да қатысты. Бұл тарихи шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері де өз жерлестерімен бірге белсенді қатысты. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ұйымдастырылып отырған диктантқа бір мезетте филиалдың барлық қалалық, аудандық бөлімдерінен 200-ге жуық маман қатысқан. 

Диктантты өткізудегі мақсат – сауаттылықты тексеру емес, латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру.

Жалпыхалықтық диктантқа қармақшылықтарда белсене қатысты. Латын әліпбиі негізінде «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктантты 7000-ға жуық аудан тұрғыны жазып шыққан. 

Науқанға білім беру саласының мамандары мен оқушылар, денсаулық және спорт, әлеуметтік сала, мәдениет үйінің мамандары, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да саланың мамандары қамтылған.

15 қараша 2018 ж. 915 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?