Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ҚҰДАҒИ КЕЛІПТІ» ҚЫЗЫҚҚА БАТЫРДЫ

Қ.Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл толуына орай облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Қ.Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті» комедиясы ұсынылды. 

Спектакль 2018 жылдың 15 қарашасы күні театр сахнасында сомдалды. Аталмыш қойылымда қос құдағидың қызыққа толы оқиғалары баяндалады. Комедия жанрындағы спектакль Сыр көрермендерін еріксіз күлкіге бөледі. Премьераны сәтті сахналаған театр ұжымына көрермендердің ризашылықтары толассыз соғылған қошеметтерінен білініп тұрды.

Айта кету керек, Н.Бекежанов театры Шотландияның Эдинбург қаласында өткен халықаралық «Фриндж» өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясының желісінмен режиссер Х.Әмір-Темір сахналаған «Ақбаян» спектаклімен қатысып, ел мерейін үстем етті. Нәтижесінде спкетакль режиссері Х.Әмір-Темір, Мақпал рөлін сомдаған Залипа Төлепова мен Қодар рөліндегі Қанат Архабаев фестивальдің алтын кітабына енсе, Қызылорда театры әлемнің ең үлкен өнер фестивалі «Фринджке» «Еркін қатысу» құжатына ие болды



17 қараша 2018 ж. 1 802 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?