ЖЕКЕ КАБИНЕТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кез келген кәсіпкер өзіне керекті мәліметті cabinet.atameken.kz сілтемесі арқылы кіріп ала алады.
«Атамекеннің» баспасөз орталығында өткен «Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасының таныстырылымында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Аспена Досмағанова осылай дейді.
Бүгінгі дейін «Жеке кабинет» қызметін 300-ге жуық кәсіпкер пайдаланған. Әрбір тұрғын құжаттар конструкторынан 100 құжат үлгісі тегін ала алады. Онда кәсіпкер келісім шарт жасау, сатып алу-сату немесе жалға алу, орындалған жұмыстардың актілерін дайындау жұмыстарын көре алады.
Жеке кабинетте «Кәсіпкелік бастамалар» атты бөлік бар. Бұл қызмет арқылы кәсіпкер заң бойынша өз ұсыныстарын кең талқылауға және дауыс беру алаңына шығара алады. «Digital КҚКО» қосымшасы бойынша 61 қызмет тегін көрсетіледі. Мұнда сіз салық, бухгалтерлік, кедендік мәселелер бойынша толық кеңес алып, 61 қызмет тегін пайдаланады.