ҚЫЗЫЛОРДАДА 18-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТ ӨТТІ
Қызылордада Ғ.Байтасов атындағы 18-ші республикалық қозғалыстың жас инспекторлары слеті өтті. Шараны Қызылорда облысының ІІД мен Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ұйымдастырды. Слет облыс орталығындағы «Арай Sunrise» балалар лагерінің кешенінде өтті деп xабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі.
"Мұндай форум өңірлік жарыс жеңімпаздарының қатысуымен 2001 жылдан бері жыл сайын өтеді. Биылғы слет ҚЖИ қозғалысының 45-жылдығына арналды",-деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ресми өкілі.
Жарысқа республика бойынша 16 команда қатысты. Сондай-ақ, ТМД елдерінің Беларус, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерация секілді елдері бөлек команда ретінде қатысты.
Жарыс 8 сайыстан құралды: «Сапты қарау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Білімділер турнирі», «Агитбригад байқауы», сондай-ақ, велосипедті мәнерлеп жүргізу және автоқалашықта велосипедті жүргізу бойынша жарыстар. Бұған қоса, полиция қызметкерлері мен білім беру саласы мамандарының арасында да жарыс өткізілді.
Жарыстың ең негізгі бөлімдерінің бірі – жол қозғалысы ережесіне қатысты білімдерін тексеру болды. Ересектер жол жүру куәлігін алар кезде орындайтын тапсырмаларға балалар 15 минутта жауап берді. Бұл ойында Астана командасы оза шапты, олар бірнеше минутта тапсырманы орындап, жоғары балға ие болды. Жас инспекторлар саптық тексеру кезінде сапта жүру, түрлі қимылдарды орындау, салтанатты марштарымен полицейлерді таң қалдырды. Бұл сайыста қостанайлық команда үздік атанды.
Велосипедпен мәнерлеп жүру жарысында Беларусия және Павлодардан келген ҚЖИлықтар ерекше көзге түсті.
Жыл сайын ерекше ықыласқа бөленіп жүрген сайыстың бірі – агидбригад сайысы. Қатысушылар 5 минуттың ішінде Жол қозғалысы ережелері туралы ән, тақпақ т.б.шығарып, сол арқылы қазылар алқасы мен залдағы қонақтарға жол ережесін сақтау маңыздылығы туралы ой салу керек.
Айта кетейік, республикалық слет 10 күнге созылды. Оқушылар жол полициясының құрылу тариxы, жол көлік оқиғасынан кейін алғашқы көмек көрсету және жол қиылысындағы қозғалысты реттеу машықтарымен бөлісті.
Слет барысында қозғалыстың жас инспекторлары үшін мектептерде ҚЖИ жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жол көлік апаты кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, ал полиция қызметкерлері үшін ТМД елдерінен келген әріптестері жолдағы балалардың жарақаттануын алдын алу бойынша тәжірибе алмасу семинар-тренингін өткізді.
"Ресейде де жыл сайын ҚЖИ слеті өткізіледі. Сондай-ақ, біз мемлекетаралық ҚЖИ байқауын ұйымдастырамыз. Ол жерде қазақстандық команда жақсы нәтиже көрсетеді", - деді Ресей Федерациясының өкілі Сергей Ханцкевич.
Жалпы, республикалық ҚЖИ слетінің қатысушылары сапалы дайындықтары мен конкурс бағдарламасының негізгі номинациялары бойынша жақсы нәтиже көрсетті.