АҚМАЯ АРАБТАРҒА АТТАНДЫ
Сыр аймағының түйелері Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталмақ. Нар мен қос өркешті түйелерді будандыстыру арабтарды қызықтырып отыр. Себебі Араб түбегінде ойсылқара тұқымына сұраныс жоғары. Осыны білген араб кәсіпкерлері Сыр елінің түйелері қолайлы екеніне көз жеткізген. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, алғашында арабтар 45 ойсылқара тұқымын сатып алуға келісіп отыр. Ал, жыл аяғына дейін тағы 100 түйеге сұраныс салған.
Арабтар түйелерді тіпті ұшақпен әкетуде. Түйелерді көршілес мұсылмандар "Жеңіс" шаруа қожалығына алып кетіп жатыр. Шаруа қожалығының басшысы «Арабтар «Бір туған нардың» 1-2 жасарын және асыл тұқымды айыр өркешке сұраныстың мол екенін айтады.