ЖАҢА МЕКТЕП, ЖАҢА АУРУХАНА
Әрбір әлеуметтік нысан жергілікті жердегі ортақ проблеманың шешілуіне жол ашып береді. Аралдықтар осы күні қос бірдей нысанның ашылуына куә болды. Себебі Арал ауданында 150 орындық аурухана мен 300 орынға арналған мектеп-лицей ашылды. 3 қабат 4 блоктан тқратын нысанда терапия, хирургия, травмотология, педиатрия, гинекология бөлімшелері науқастарды қабылдайды.
Маңызды әлеуметтік нысанды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашып, аудан тұрғындарының білім мен медицинадағы елеулі жаңалықпен құттықтады.
- Облыс бойынша білім, денсаулық, спорт салалары бойынша 52 нысанның жобасы әзірленуде. Өткен жылы Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындары үшін ауданаралық инсульт орталығы, Байқоңыр қаласынан көпсалалы аурухана ашылды,-дейді Қырымбек Көшербаев.
Жаңа мектеп те оқушылардың мерейін асырып отыр. Заманауи бағыттағы асхана, акт залы, кітапхана, спорт алаңымен қатар робототехника кабинеті, волейбол секциясы мен шеберхана балалардың алаңсыз әрі уақыт талабына жауап беретін білімді меңгеруіне сеп болмақ7.