Батыр ана баспаналы болды
Сыр өңірінде Социалистік Еңбек Ері, 11 баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана Сәлима Жұмабековаға жергілікті билік баспана сыйлады. Қоныс тойын тойлағалы отырған батыр ана ел экономикасына үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге тер төкті. Ыбырай Жақаевтың шәкірті. Еңбек даласында шындалған ана. Осы елеулі еңбектің құрметіне баспана берген әкімдік батыр ананың еңбектегі ерлігі мен отбасындағы ұстанымы жас аналарға үлгі болуы керек.
Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында (1997 жылдан бастап – Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.
2008 жылы облысқа жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр елінің ауылшаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар ардагер-әйелдерге жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын. Олардың қатарында Сәлима Жұмабекова да болды.