Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАН ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Венгрия төрінде өткен әлем чемпионатында қызылордалық балуан, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен сынға түсіп, қол медальді қанжығыға байлады. Жалпы жарыста айтулы спорт түрінен Қазақстан құрамасынан екі спортшы қола жүлдені еншілеген. 

Боз кілемге шыққан Айдос бірінші белдесуде Украина спортшысын 6:1 есебімен тізе бүктірсе, кейінгі кездесулерде жапониялық балуанды 7:5, қырғыз спортшысын 9:0 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Тек жартылай финалда ресейлік балуанға есе жіберіп қойды. Қола медаль үшін болған кездесуде Солтүстік кореялық қарсыласынан айласын асырып, үшінші орынға табан тіреді. 

Сыр спортшысы айтулы жеңісін мерейтой құрметіне тарту ретінде арнайтындығын айтып, ағынан жарылды. 

- Мықтылар бас қосқан жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салдым. Жалпы Әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы Польшаның Быдгощ қаласында жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үшінші орынды алған болатынмын. Биыл ересектер арасында алғаш рет бағымды сынадым. Бұл жолы еншіме қола медаль бұйырды. Бұл жеңісімді туған жерім – Қызылорда қаласының 200 жылдығына арнаймын, - дейді Айдос Сұлтанғали.

31 қазан 2018 ж. 1 268 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?