Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекеттік рәміздерді орынды әрі стандартқа сай қолдану маңызды. Ел ішінде мемлекеттің құндылығы саналатын рәміздердің талапқа сай қолдануы бағытында кемшіліктер кейде көрініп қалады. Осы олқылықты болдырмау үшін Қызылорда билігі жаңадан  «Ramiz.kzo» чатын іске қосты. Мұны мемлекеттік рәміздер жөніндегі кезекті отырыс барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 

 «Мемлекет басшысы атап өткендей, «Мемлекеттік рәміздер-ұлттың рухы мен санасы, оның ерлігі мен көрегенділігі, болашаққа деген сенімі, ұмтылыстары мен қилы тағдырының бейнесі". Сондықтан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу – еліміздің әрбір азаматының парызы ", - деді өңір әкімі.

Биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында 628 мекемесінде мемлекеттік рәміздерді тексеру бойынша кезекті рейд жүрген. Нәтижесінде мамандар кейбір мекемелерде мемлекеттік рәміздер  тақтасы жаңа стандартқа сәйкес өзгертілмеген, ҚР  туы орнатылған ғимараттардың  түнгі жарықтандырылуы қамтамасыз етілмегендігін анықтаған. 

Жаңадан іске қосылған чатта мемлекеттік рәміздерді қолдануда жіберілген кемшіліктер талқыланып, мекеме басшыларына шұғыл түзету ұсынылады және кемшілікті түзеткендігі жөнінде  есебі де  ұсынылмақ. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап облыста мемлекеттік рәміздерді сатып алудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесі енген. Саны мен жауапты тұлғалар туралы ақпарат көрсетілген мемлекеттік рәміздер бойынша бірыңғай база құрылған. 

31 қазан 2018 ж. 1 345 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?