Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жолдың жайы – жүргіншінің қамы

Соңғы жылдары жол жөңдеу жұмыстарында іргелі істер бар. Осы күнге дейін маңызды саналып келген жол мәселелері ретімен шешілу үстінде. Қаланың шет аймақтарының өзінде бірлі-жарым көшелерінде болмаса, көбіне көп асфальт жүргізілген. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, жол құрылысын дамытуға 23 млрд.теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өткен. Осының нәтижесінде қаланың шет аймақтарынан 37 көше жөнделген. Мұнан өзге 1 млрд.550 млн.теңгеге 150 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынып берген. Жарық бағаналарына да жаңарып қалған. Аулаішілік жолдар мен автотұрақтардың да кейбірі жөңдеу көрді. 

Жол жөңдеудегі жүйелі жұмыс биыл да үзілген жоқ. Мамандар қала көлемінде 2 млрд. 33,5 млн. теңгеге 97,8 шақырымды құрайтын 112 көшеге орташа, ағымдағы, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалғанын айтады. 

Айта кету керек, биыл Жібек жолы мен Ділманов көшелерінің қиылысында орналасқан 180 млн.теңге болатын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.

31 қазан 2018 ж. 1 173 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?