АЛҒАШ РЕТ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ ҚОЙЫЛДЫ
Өнер қонған өлке Сыр елінде алғаш ретін ерекше жанрда қойылым қойылды. Ля-ля-фа балалар мюзиклі студиясы шымылдығын ашып, көпшілікке өнерін паш етті.
Жаңа студия «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде облыстық филармония жанынан ашылған. Балғын балақайларға арналған көрме «Таусылмасын ертегім» атауымен сахналанды. Режиссері – ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов.
Туындыда 54 кейіпкердің 41-ін балалар сомдаған. Осы кезге дейін бірқатар балалар шарасында өнер көрсеткен «Әдемі» балалар музыкалық студиясының артистері де рөлдерді сомдапты. Сондай-ақ, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының оқушыларын да қойылымға қатыстырдық. Қойылымдағы кішкентай артистердің төртеуі осы балалар ауылынан.