Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

35444 АДАМҒА КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Осы жылдан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақылар бірігіп, ортақ атаулы әлеуметтік көмек ретінде аталған. Жаңа формат бойынша аймақта 35444 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 

Жаңа фороматтың жұмысын жүйелеуде аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарында атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдайтын қосымша 58 маман орналастырылған. Тұрғындарға тиімді жағдай жасау мақсатында аудандардағы орталықтарда күту залдары электронды форматқа көшірілген. Мұны жұмыспен қамту орталығындағы мамандар растап отыр.

Статистика бойынша, биыл жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 2 млрд.теңге қаражат бөлінген. Оның 1,4 млрд.теңгесі республикалық 0,6 млрд тәңгесі жергілікті бюджетті құрайды. 

Айта кету керек, 9 айда облыс бойынша 35444 адамға яғни 6728 отбасыға 1529,6 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1313,8 млн.теңгесі төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы 18 жасқа дейінгі балалар 63,1%, жұмыссыздар 8,3%, жұмыс істейтіндер 9,3%, бала күтімімен отырғандар 14,8%, студенттер 2,7%, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер 1,2% құрайды. 

25 қазан 2018 ж. 1 172 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?