Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«JAS OTAN ORDA» РЕСМИ САЙТЫ АШЫЛАДЫ

Келер жылы «Жастар жылына» орай бірқатар нақты жобалар қолға алынбақ. Сыр елі де жастар жылындағы жаңашылдықты жаңа жобалармен бастамақ. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында «Жас Отан Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес мәлімдеді.

- Жастар жылын мазмұнды әрі тиімді атап өтуде әрбір жастың ойын, ұсынысын ескеру міндет. Сондықтан облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты қараша айында жастар ұсыныстарын қабылдау мақсатында «Jas Otan Orda» ресми сайтын іске қосамыз. Онда әрбір жас ұсынысын, пікірін, идеясын жолдай алады,-дейді Талғат Тілес. 

Жастардың басты мәселелерінің бірі олардың уақытын тиімді пайдалану.  Осы тұста Партиямыздың кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып «Білім орталықтарына» айналдыру жобасы аймақта табысты атқарылуда. Қазірде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Шиелі аудандық орталық кітапханасы жаңғыртылып тұрғындармен жастардың игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 6 аудандық және 1 қалалық орталық кітапханалар жаңғыртылып білім орталықтарына айналмақ. 

Облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен кітапханаларға жастарды көптеп тарту мақсатында коворкинг орталықтарының бірыңғай пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Білім орталықтары жастарға тартымды, уақытын тиімді пайдалануға арналған таптырмас жоба.

Тағы бір жоба қолға алынбақ. Сыр елінде келер жылы аймақ басшысының келісімімен республикамыздың белсенді жастары Сыр елінің тұнған тарихымен, мәдениетімен, табиғатымен танысу мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар-Отанға!» республикалық лагерін облысымыздағы Қамбаш көлінде өткізілмек. 

25 қазан 2018 ж. 1 046 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?