Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырды

Айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысында бас жүлдені иеленіп қайтты. Елорданың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен өткен айтысқа Қырғызстаннан Асылбек Маратов, Мундузбек Усупбек, Моңғолиядан Рашат Айдос, Қуантқан Аманжол сынды жүлделі жүйріктер бас сынады. Сондай-ақ, жыр додасына белгілі айтыскерлер Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртай, Мақсат Ақанов, Дидар Қамиев, Мейірбек Сұлтанхан сынды  өлеңнен өрнек өрген жүйріктер қатысты.

Сөздің туын жоғары қойған айтыскерлердің шабысы мен сөз саптауын ақын Жүрсін Ерман, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, белгілі ғалым, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы және Түркиядан келген ғалым Әбдуақап Қара, Моңғолиядан келген ақын Шынай Рахметұлы саралады. 

Нағыз айтыстың тартысын көрсетіп, халық көңілінен шыққан айтыскерлер арасында бас жүлдені Мұхтар Ниязов пен Ринат Зайытов алып кетті. ІІ орынға Рүстем Қайыртайұлы мен Мейірбек Сұлтанхан жайғасты. ІІІ орын Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұловқа бұйырды. 


24 қазан 2018 ж. 1 096 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?