Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

18 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН САЛЫНУДА

Қызылорда қаласының сол жағалауынан 18 көпқабатты тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен салынуда. Салаға жауапты мамандар 14 үйдің 4 және 5-ші қабаттарында 248 пәтер «Орда» бағдарламасына қатысатынын айтты. Жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлардан осы пәтерлерді сатып алады. Ал, тұрғын үйге мұқтаж отбасылар және осы бағдарламаға қатысушылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да депозит ашып, қажетті құжаттарды жинауы керек. Себебі бағдарлама шарттарына сәйкес, көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топтағы мүгедектер, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер және 35 жасқа дейінгі екі жыл некеде тұрған жас отбасылар бастапқы төлемсіз қатыса алады.

Осы кезге дейін үш жылға арналған өңірлік «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп қойды. Себебі несиелік тұрғын көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді емес. Осы себепті билік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады.


22 қазан 2018 ж. 1 432 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?