Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚОРҚЫТ КҮЙІ, ҚОБЫЗ ҮНІ

Сыр төрінде «Қорқыт-Қобыз» атты қыл қобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы қорытындыланды. 

Дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынаған. Олар елдің әр қиырынан келіп, 17-55 жас аралығында өзара өнер көрсетті. Сыр жерінде өткен дүбірлі музыка жарысына Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкенттен келген қыл қобызшылар мықтылығын дәлелдеді.

Өнерпаздар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады.

Өнер жарысына түскендер қобызшылар прима қобыз, фортепиано сүйемелдеуімен сазды күйлерді нақышына келтіре орындады. Жүлделі бас жүлде елордалық Шолпан Шарапатова бұйырып кетті. Ал, І орынға алматылық Аятолла Тұрғанов пен қызылордалық Айнуза Бегімсалова жайғасты. Екінші орынды Оралдан келген Мөлдір Жалмұханбетова мен Алматылық ару Әсел Қыдырмұрат еншілеп кетті. Үштіктен көрінген шымкенттік Анарбек Мырзабай мен қызылордалық Айдана Рүстембек лайықты қолдауға ие болды. 

Еске сала кетейік, қобызбен жыр айтушылар арасындағы сында қызылордалық Марат Сүгірбай, алматылық Қазбек Әдікей, қостанайлық Қыдырбек Қиысхан, қарағандылық Әлібек Бимендин жүлдегелер қатарынан көрінді. 

20 қазан 2018 ж. 1 735 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?